Елбасы Кеден одағына қатысты жұмысты келер жылы аяқтауды тапсырды

None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет басшысы кеден одағына қатысты жұмысты келер жылы аяқтауды тапсырды. Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай міндет жүктеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жақын болашақта Қазақстан, Ресей, Беларус арасындағы кедендік одақ жүзеге асады. Бұл осы мемлекеттер арасындағы алғашқы, маңызды «ықпалдастық қарлығашы» болып табылады. Мен осыған қатысты жұмысты келер жылы толық бітеді деп ойлаймын. Мемлекеттеріміздің индустриялануы үшін біз өзіндік нарықтарымызды ашық ұстауымыз керек. Одан басқаға үміттенудің қажеті шамалы», -деді Н. Назарбаев. Елбасы мұндай үш мемлекет арасындағы кооперациялық үйлесім қадамының барлық мемлекетке тиімді болатынын атап өтті.