Елбасы «Коч Холдинг» компаниясының басшыларымен инвестжобаларды талқылады

АНКАРА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасындағы ресми сапары аясында  «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

«Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.