Елбасы: Қоғамдық кеңестердің қызметі нақты регламенттелуі тиіс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті жерлерде және орталықта билік органдары жанынан құрылған барлық қоғамдық кеңестердің қызметі нақты регламенттелуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жергілікті жерлерде және орталықта билік органдары жанынан құрылған барлық қоғамдық кеңестердің қызметі нақты регламенттелуі тиіс. Олардың сапалық құрамдарын күшейтіп, жауапкершілік аясы функционалын айқындап, толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау қажет", - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы Мемлекеттік органдар өз қызметтерінде қоғамдық кеңестердің ұсыныстары мен кеңестерін орталықтан түскен нұсқаулықтай қабылдап, қызметтері барысында қаперге алуы тиістігін баса айтты.

"Қазақстан халқы Ассамблеясына Нұр Отан партиясымен бірге бұл жұмысқа белсене араласуды тапсырамын. Біздің адамдарымызға пайдалы ортақ іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар