Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
17:59, 23 Қараша 2015
Елбасы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған ҚР Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.