Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келеді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келуі күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында болып, машина құрастыру барысымен танысады.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша  «Əуежай» шағын ауданында салынып жатқан үй құрылысын бақылайды деп жоспарланған. Жаңадан ашылған теннис орталығында жас спортшылармен кездесуі жоспарланған.