Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында болып, машина құрастыру барысымен танысады.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша «Əуежай» шағын ауданында салынып жатқан үй құрылысын бақылайды деп жоспарланған. Жаңадан ашылған теннис орталығында жас спортшылармен кездесуі жоспарланған.