Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қарағанды облысына келді

None
АҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына келді.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов қарсы алды. Ел Президентінің жұмыс сапарында онымен бірге Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мен ҚР Президентінің кеңесшісі Бақыт Сұлтанов еріп жүр.

Қарағандыға келгеннен кейін Н.Назарбаев №50185-ші әскери бөлімінде болады. Мұнда Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының назарына әуе техникасы мен техникалық зертхана ұсынылады. Сонымен қатар ел Президенті МИГ-31 ұшағындағы регламенттік жұмыстармен танысады. Мемлекет басшысына осы ұшақтың кешендік жаттықтыру құрылғысы көрсетіледі. Одан кейін Мемлекет басшысы «Спасск» оқу орталығында болып, қазақстандық армияның жұмылдыру резервінің дайындығымен танысады. Сондай-ақ, Бас қолбасшыға арнайы мақсаттағы бөлімшелердің тактикалық оқу-жаттығулары көрсетіледі.

Осыған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Бүгін Елбасы Қорғаныс министрлігінің бірқатар нысандарын аралап көрсе, жұмыс сапарының екінші күнінде аймақтың әлеуметтік және индустриалдық нысандарына бармақ. Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшысының қатысуымен Қарағандыда облыстық Қан орталығының жаңа ғимараты ашылады.