Елбасы ҚР Премьер-Министрін, Ұлттық банк төрағасын және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасын қабылдады
Кездесу барысында Елбасы ағымдағы жылғы тамыздың 31-інде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасы «БТА Банк» АҚ-ны қайта құрылымдау жоспарын бекіткені хабардар етілді.
Президент барлығына жасалған жұмыс үшін алғыс айтты және мемлекеттің дұрыс стратегиясы нәтижесінде елдің банк жүйесі тұрақтанғанын және қазір қалыпты режімде жұмыс жасап жатқанын атап өтті.
Журналистерге арналған брифингіде Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бұдан бұрын ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інде «Альянсбанк» борыштарын, ал ағымдағы жылғы шілденің 1-інде - «Темірбанкті» қайта құрылымдау аяқталғанын атап өтті.
«Сөйтіп, өткен көктемде қайта құрылымдау үдерісі басталған барлық үш банкте ол ойдағыдай аяқталды. Жалпы көлемі 11 миллиард долларға жуық қарыздар есептен шығарылды. Бұл үш банктің барлық сыртқы несиелеушілеріне сындарлы ұстанымы үшін алғыс айтуымыз қажет. Дегенмен ең бастысы, тұтастай алғанда сыртқы қарыз проблемасы реттелді», - деді Г.Марченко.