«Қай телеарнаны, болмаса, қай бағдарламаны көріп тұрасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып, Елбасы: «біреуіңді көремін, біреуіңді көрмеймін деп айтсам, ренжіп қаласыңдар ғой. Шынын айтқанда, біздің жұмысымыз қиын. Көп ойлау керек, көп мəселені шешу керек. Күніне 300-400 құжатқа қол қоямын. Əрбір қол бір мəселені шешеді. Теледидардың бір жақсы жері, теледидар көрсең, көп нəрсені ұмытып, ми тазаланады. Сондықтан, жақсы бір нәрсе көрсең, қандай ғанибет» - деді.
Мемлекет басшысы айтқандай, телеарналардың негізгі мақсаты - бір нəрсені үйрету, жаңалыққа құмар қылдыру.
«Ақпарат құралдарының, теледидардың негізгі мақсаты - үйрету, оқыту болса керек. Бір жаңа нəрсені үйрететін болса, адамға ең керегі сол»,-деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қараша күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚазМедиаОрталығына барып, БАҚ басшыларымен кездескен.
00:12, 30 Қараша 2016
Елбасы күніне неше құжатқа қол қояды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық телеарнасындағы 'Түнгі студия' бағдарламасына қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күніне неше құжатқа қол қоятынын жəне телеарналардың негізі мақсаты қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.