Елбасы Қылмыстық-атқару кодексіне қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол ел заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған.

Сондай-ақ, Елбасы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік жаңа кодекстермен сәйкестендіруге, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы реттеуді жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.