Елбасы қылмыстық үдеріске қатысушы азаматтарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА, Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық үдеріске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған Заң адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, сондай-ақ қылмыстық үдеріске қатысушы азаматтарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.