Елбасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
19:04, 02 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жақсартуға бағытталған
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.