Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
21:34, 14 Қазан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстан түркі әлемінің барлық елдерімен серіктес. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашы болдым. Ең маңыздысы – елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деді Елбасы.
Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасының Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады.