Елбасы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Қырғызстан қатынасы екі ел арасындағы дәстүрлі татукөршілік және ынтымақтастық рухында одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.



Соңғы жаңалықтар