Елбасы Қытайда Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Салман өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.