Elbasy.kz сайтының қолданушылары қандай браузер пайдаланады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Elbasy.kz сайтына кірушілерге қатысты қызықты статистика келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«https://Elbasy.kz сайтын қолданушылардың 42,14% Windows операциялық жүйесін, 26,79% - Android,10,10% – iOS пайдаланады. Браузерлер арасында Chrome – 51,39%; Firefox – 7,86%,Opera – 1,77% қолданады», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, ол сайтқолданушыларының географиясын да келтіріп өтті.

«Ресми сайтқолданушыларының географиясы: 64,77% –Азия елдері (60% – Қазақстан), 18,95% –Еуропа, 15,4% – Солтүстік Америка елдері», - деп атап өтті Елбасының баспасөзхатшысы.

Еске салайық,Elbasy.kz сайты биыл 3 шілдеде іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар