Қазақстанның ТұңғышПрезиденті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры ЮкияАманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«ҚазақстанРеспубликасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығызынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.
Қайғыларыңызғаортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, Агенттік ұжымына және ЖапонҮкіметіне көңіл айтамын.
Юкия Аманоныбеделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңіргентарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз», - делінген жеделхатта.