Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар бірқатар перспективалық бағыттардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.