Мұнан әрі ол: «Еліміздің кемел келешегі мен баянды болашағы жолында Стратегияда белгіленген бағыттарды негізгі ұстаным ете отырып, оны жүзеге асыру барысында ішкі саясатымызды идеялық жағынан ұдайы толықтырып отыруымыз аса қажет», - деді.
Сондай-ақ әкім Қызылорда облысында ішкі саяси мәселелерге байланысты атқарылып жатқан істерге тоқталды.
«Облыста ақпараттық-насихаттық топ ұдайы жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері осы топтар облыс тұрғындарымен 550-ден астам кездесулер ұйымдастырып, Елбасы жүктеген міндеттерді көпшілікке түсіндірді. Сонымен бірге кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлер зерделеніп, талдаулар жасалды. Осы бағытта бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде тәуелсіз басылымдар белсенді жұмыс атқарды. Жұртшылықпен үнемі байланыста болу мақсатында облыс орталығында медиа-холдинг жұмысы жүйеге келтірілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын насихаттайтын коммуникациялар орталығы құрылып, онда апта сайын қала, аудан әкімдері мен өзге де сала басшыларының қатысуымен брифингтер өтуде», - деді Қ.Көшербаев.