Елбасы маман даярлауды ерекше назарда ұстау қажеттігін атап өтті - Судьялардың V cъезі

А. Қарашаны 18- ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Судья - халықтың ары.  Сондықтан халықтың бұл ары таза әрі кіршіксіз болуы тиіс. Бүгін Астанада басталған ҚР судьяларының  V съезінің ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай  атап  өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Елбасы осы мақсатта маман даярлауды ерекше назарда ұстау  қажеттігін  баса  айтты. «Сот мамандарын таңдап, оларды менің қол қоюыма әкелетін Жоғарғы сот кеңесі өз жұмысын көтеруі шарт. Бәлкім, осы ұйымның жұмысын ашық түрде өткізіп, оған үкіметтік емес ұйымдарды көптеп тарту қажет болар. Меніңше, сот мамандарының жасы 25-тен жоғары болуы керек.   Сот әділдігіне  ешкімнің күмәні болмауы тиіс. Мұның бәрі судьялардың өздеріне байланысты. Біз осы мақсаттың үдесіне шығуға міндеттіміз. Сонда ғана Қазақстанның соты халықтың құрметіне бөленіп, әділдіктің басты нышанына айналмақ», деді Мемлекет басшысы.