Елбасы Маңғыстау облысындағы АӨК-нің кенже дамуын сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Маңғыстау облысы шөлейттік аймақта орналасқан. Мұнда ауыл шаруашылығын жүргізу оңай емес. Алайда кезінде облыста АӨК жақсы дамыған».

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезіндегі жұртшылықпен кездесу барысында айтылған болатын. "Облыс халқы жылына 20 мың тонна ет тұтынады, ал өздері 5,5 мың тонна ет өндіреді. Өңірде жыл сайын 500 тонна балық ауланады, ал сұраныс 5 мың тоннаны құрайды. Бұл саланы дамыту мәселесін жүйелі түрде шешу керек", - деді Н.Назарбаев.

Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.