Елбасы Мәжіліс спикерімен әңгіме барысында жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы сөз болды

None
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президенінің баспасөз қызметі.

О.Мұхамеджанов Президентті Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Елбасының сөйлеген сөзінде және «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі Палата депутаттарының, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы туралы хабардар етті.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ еліміздің жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы әңгіме болды.

- Президент депутаттық корпустың жұмысын жоғары бағалады және бірқатар маңызды заң жобаларын жедел және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты міндеттерді қойды, - деді Мәжіліс Төрағасы журналистерге арналған брифингте.