Елбасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар беруді жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
15:10, 13 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.