деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік корпоративтік сатып алуларда қазақстандық мөлшердің арта түсуін жалғастыруымыз керек. Осыған орай Үкіметке ағымдағы жылғы қазанның 1-іне дейін қазақстандық мөлшерді арттыруға қатысты заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамын. Сондай-ақ бұл заң жобасын осы ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдаудың маңызы зор. Осының өзі біздің заңнамалық тұрғыда жұмыс істеуімізді және отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті тауар шығаруын қамтамасыз етеді», деді Н. Назарбаев.