Елбасы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
14:04, 05 Мамыр 2009
АСТАНА-АҚОРДА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған құжат дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады