ОРАЛ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Біз, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешені ұстаздары мен шәкірттері Елбасының Назарбаев университетінде берген дәрісін зейін қоя тыңдадық.
Бұл туралы мектеп-интернат кешенінің интернат меңгерушісі Есенгелді Бимағамбетов мәлім етті.
«Елбасы өз дәрісінде білім, ғылым саласы алдында тұрған жаңа міндеттерге жан-жақты тоқталып, нақты бағыт-бағдар белгілеп берді. Президентіміздің «Бәрі де мектептен басталады. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» деуі үлкен ой салды. Сондықтан жас ұрпаққа терең білім, орнықты тәрбие беру жолында аянбауымыз керек», деді Е.Бимағамбетов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).