Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еліміздің ғалымдары және жастарымен кездескен Халықаралық көрме бюросы Сараптама комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен мәлім етті.
«Біз сапарымыз аясында бүгін сіздердің елдеріңіздің Президентімен кездестік», - деп атап өтті ол.
ЕХРО-2017 жобасы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, делегаттар Мемлекет басшысымен аталған халықаралық көрмені елордада өткізу мәселесін талқылады. Кездесу барысында Елбасы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін Астана қаласында өткізу жөнінде өзінің нақты ниетін білдірді.