«Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылғы отырысы ел өміріндегі ерекше оқиға ҚР Президенті сайлауы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Санаулы күндерден кейін, яғни 26 сәуір күні біз еліміздегі ең маңызды саяси шараға барша халық болып қатысып, бірлігіміз бен ынтымағымызды тағы да танытатын боламыз», - деді Г.Әбдіқалықова.
Осы ретте ол кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастама Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері тарабынан көтерілгенін атап өтті.
«Әлбетте, бұл байыпты бастаманың мазмұны мен нақты негізі бар екенін халықтың өзі қуаттап берді. Ең бастысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының игі тілегін терең сезініп, кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде тарихи шешімін қабылдады», - деді ол.