Елбасы Н.Назарбаев қостанайлық диірмен комбинатында жаңа өндірісті іске қосты

None
nbsp;ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды.

Мемлекет басшысы Қостанай әуежайына келгеннен соң бірден қостанайлық диірмен комбинатына аттанды. Ол жерде Елбасына қысқа кесілген макарон өнімін өндіретін заманауи қуатты желі таныстырылды. Бұл өндіріс заман талабы мен халықаралық сапа шарттарына жауап беретін ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Фабрика айына 2,5 мың тонна өнім шығаратын болады. Өнімге деген сұраныс жоғары болады деп күтілуде, қостанайлық макарон өнімдері тек қана ішкі нарыққа емес, ТМД елдері мен Грузияға да жөнелтілетін болады.

Президент цех жұмысын іске қосқан соң, диірмен комбинатының жұмысшыларымен әңгімелесті.

Ертең Мемлекет басшысы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданына болып, аграршылармен үлкен кездесу өткізеді.