Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ Аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енча мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінгі еліміздің сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен арадағы кездесу барысында ядролық қарусызданумен байланысты мәселелер жан-жақты талқыланып, осы бағыттағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстанның рөлі жоғары бағаланған.
«БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның төрағалығымен Нью-Йоркте өтетін әрі оған Қазақстанның көшбасшысы қатысатын Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит - өте маңызды мәселе», - деді ол.