Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ресейге сапар аясындағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин саяси, сауда-экономикалық салалардағы көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ТМД кеңістігінде интеграциялық құрылымдар шеңберінде екі елдің өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Кездесудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен Мәлімдемесіне, сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған», - деді ресми өкіл.