деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиынның қорытындысы бойынша.
Сонымен қатар Президент аталған институтта жұмыс істеу үшін жаңа мамандар тарту мәселесін қарастыруды, институт зертханасын жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандыруды ұсынды.
«Біз халықпен әділ болуымыз керек. Біздің оңтүстігіміз, әсіресе тау баурайы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандығын ешкім де теріске шығара алмайды. Жер сілкінісі тәуекеліне ең жақын ел Жапонияда бұл жағдайда өзін -өзі қалай ұстау керектігін балаларға мектептен-ақ оқытады. Халыққа не істеу керектігін түсіндіреді. Бұл табиғи апат екендігі сөзсіз, дегенмен біз бұнымен ғылыми тұрғыда айналысуымыз керек», - деп атап өтті Елбасы.
Мемлекет басшысы Үкіметке және әкімдікке қаланың әрі облыстың сейсмикалық картасын жаңарту бойынша жұмыстарды жеделдету, сейсмикалық қауіптерді зерделеу бойынша іс-шаралар әзірлеу және халықты құлақтандыру, ғимараттар мен биік үйлердің сейсмикалық мығымдығы бағытындағы жұмыстарды белсендіру қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ Президент жер сілкінісінің алапат қуатты болуына қарамастан барлық құтқару қызметтерінің нақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен Жапонияның тәжірибесін зерделеу қажеттігін атап өтті. Бұған дейін Алматыда халықпен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, оқу-жаттығулары өткізілген-ді. Жер сілкінісі барысында адамдар жиналатын қауіпсіз орындар айқындалып, хабарландыру жүйесі әзірленген болатын.
Мемлекет басшысы Үкімет пен қала әкімдігіне аталған жұмыстарды жаңғыртуды жүктеді.