Елбасы Н.Назарбаев Солтүстік Қазақстан диқандарын рекордтық астық бастыруларымен құттықтады

None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада өтіп жатқан Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы диқандарын биыл рекордтық астық бастыруларымен құттықтады.

Ағымдағы жылы мол астық алған солтүстіқазақстандықтрады құттықтаған ҚР Президенті: «Бұл ортақ қуанышымыз. 9 млн. тонна аз астық емес. Астықты сақтау, сату мәселелерін қамтамасыз ету қалай жүргізілуде, тасымалдау сыйымдылықтары жеткілікті ме?», - деп сұрады СҚО әкімі Серік Біләловтен.

Өз сөзінде облыс әкімі 180 мың тонна астықты еліміздің басқа өңірлеріне жеткізгенін атап өтті.

«Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясы 25 мың теңгеден сатып алатын 5 млн. тонна астықтың 1,5 миллионы Солтүстік Қазақстан облысының дәні. Сондай-ақ, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, корпорация тағы да 3 млн. тонна астық сатып алады», - деді С.Біләлов.

Облыс әкімінің атап өтуінше, 3 жылдың ішінде өңірдегі элеватор сыйымдылығы 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылған.

«Жиналған барлық астықтың сақталатындығына сенім білдіремін», - деді ол.