Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінде түрік елінің экономикасы қарышты дамып, әлемнің әлеуетті 16 елінің қатарына қосылғандығын айта келе: «Міне бүгін стратегиялық ынтымақтастық ісін бастап, соның бірінші отырысын өте сәтті өткіздік.
Екі елдің арасындағы әріптестік қарым-қатынасты, достықты, ынтымақтастықты дамытуға сіңірген зор еңбегіңіз үшін қазақ халқының мемлекеттік жоғары марапаты - «Алтын қыран» орденімен марапаттауға шешім қабылдадым. Қабыл алыңыз», - деді.