Елбасы «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің аймақтық оқу орталығында болды

None
nbsp;АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің аймақтық оқу орталығында болды.

Жалпы аумағы 4781,7 шаршы метрді құрайтын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген төрт қабатты ғимарат қазіргі заман талабына сай барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген және барлық жағдайлар жасалған. Мұнда дыбыс құралдары, ілеспе аударма техникасымен, келісімдерге қол қоюға арналған арнайы залмен жабдықталған конференц-зал да бар. Сонымен қатар, аумағы 4347,17 шаршы метр болатын қосымша құрылыс ғимаратының құрылысы да аяқталуға жақын. Онда екі оқу аудиториясы, екі акт залы, асхана, оқу аудиториялары мен отырыс залы орналасады.

Ғимаратты аралап шыққаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев партиялық мектептің тыңдаушыларымен - Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, Ақтөбе филиалының қызметкерлерімен және облыстың партиялық активімен кездесті.

Мемлекет басшысы аймақтың партиялық активін партиялық оқыту орталығының ашылуымен құттықтап, партия ұйымдарының жалпы алғанда, оның ішінде батыс аймақтардағы қызметінің таяудағы жұмыс бағыттарын нақтылап берді.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Мемлекет басшысына өздері жүргізіп отырған партиялық жұмыстар, партияның бағдарламалық құжаттарының және елдің мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуындағы мәселелер туралы айтып беріп, Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметіне жоғары баға берді.