Елбасы: «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуы мүмкін екеніне еш күмәнім жоқ

None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Партиялық жауапкершілікті күшейту керек. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазіргі кезде партиялық ресурстарды дұрыс бөлу керек. Атап айтқанда, партиялық жауапкершілікті, әрбір «Нұр Отандықтың» жауапкершілігін күшейту керек», - деп тоқталды Елбасы. Осы орайда Президент партиялық жұмыстың энергиясын үш еселеу керектігін қадап айтты.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы - бұл партиялық бағдарламаның негізі. Стратегияның орындалуы тек «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында мүмкін екендігінде еш күмәнім жоқ», - деп атап өтті Елбасы.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы партия бірыңғай саяси жігердің, яғни халық қалауының генераторы болып, қазақстандықтарды кез келген қалтарыстардан алып шығуға қызмет ету тиіс екенін атап өтті.

«Бұл бәрінен бұрын елдіміздің тағдыры үшін біздің ұжымдық жауапкершілік», - деп түйді Елбасы.