Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен кездесті

None
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде бірлескен жобаларды алға жылжыту мәселесі талқыланды.

Президенттің жұмыс сапары аясында француздық аэробустарға арналған титаннан жоғары технологиялық өнімдеру шығаратын өндіріс бойынша бірлескен зауыт іске қосылды.

Бүгінде Өскемен титан-магний комбинаты мен «Обер э Дюваль» компаниясы тарапынан Қазақстанда және Францияда авиация өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі үшін 2 зауыт ашылды.