Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікұшақ апатынан қайғылы қазаға ұшыраған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

None
АНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындауда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тікұшағының Оңтүстік Қазақстан облысындағы апаты кезінде қайғылы қазаға ұшыраған шекарашылардың отбасыларына қатты қайғырып, көңіл айтты,

деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Үкіметке қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ апат кезінде зардап шеккендерге метериалдық көмек және қажетті қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне апат себебін мұқият тексеру, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту және болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды алуға нұсқау берілді.