Елбасы Өкімімен Д.Шәженова қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.