АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтіп жатқан ХХІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Ассамблея Төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындау туралы Өкімге қол қойды. Сонымен ҚР Президентінің Өкімімен бұл қызметтерге ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюро мүшесі Анатолий Башмаков пен «Суоми» карел-фин ұлттық мәдени орталығының төрағасы Александр Смирнов сайланды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.