АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін фильм 2016 жылдың наурыз айында көрермен назарына ұсынылады. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін «Так сложились звезды» деп аталатын көркем фильмнің монтаждау жұмыстары алдағы жылдың ақпан айында аяқталады және наурыз айында көрермен назарына ұсынамыз деген ниетіміз бар. Ал фильмнің атауына келер болсақ, бұл тек жұмыс барысындағы атауы, алдағы уақытта бұл мәселені түсірілім тобы талқылайды», - деді министр.
Сонымен қатар министр сауал жолдаушының ұсыныстары да ескерілетінін атап өтті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.