«Жақында Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми шақыруын жіберген болатын. Осыған орай, бүгін біз ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына жасайтын сапарының мерзімі мен жұмыс кестесін талқыладық», - дейді И.Ибрахим.
Оның айтуынша, ресми сапардың нақты уақыты әзірге белгісіз. Оны екі елдің президенттері шешетін болады.