Елбасы «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы Агенттік келісімді (Истисна´а) ратификациялау туралы» Заңға қол қойды

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы»

Истисна´а Келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы Агенттік келісімді (Истисна´а) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.   Бұл туралы  Президенттің  баспасөз қызметінен  хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.