Концерттік кеш Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған деректі фильм көрсетуден басталды. Бағдарламаға Қарулы Күштердің барлық әскер түрлерінің шығармашылық ұжымдары, республикалық «Жас ұлан» мектебі мен мамандандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштер орталық ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі қатысты.
Концертте Қазақстан армиясының жетістіктері туралы әндер шырқалып, фольклорлық музыкалық шығармалар орындалды, сондай-ақ әр кезеңнің қаһармандарын ұлықтауға арналған хореграфиялық композиция көрсетілді.
Сонымен қатар, А.Александров атындағы Ресей әскері ансамблінің жетекші солисі Б.Дьяков, Қытай Қорғаныс министрлігінің әндер мен билер ансамблінің жетекші солисі В.Лид, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің жетекші солисі А.Жылтыркөзов өнер көрсетті.