«Көршілермен әр уақытта да мәселелер туындап отырады. Өйткені, олар көршілер. Мен Өзбекстанға барамын, қазанда Ресейге сапарлаймын. Демек, мәселелер әр уақыта да бар. Қазір біздің көршілерімізбен, әсіресе, Өзбекстанмен жағдай өте жақсы қалыптасуда. Мәселен, барлық өткізу пункттері ашық, олар біздің астыққа акцизды жойды десек те болады. Оларға Қазақстан арқылы Ташкенттен басқа облысқа баруларына немесе біз Мақтааралдан Өзбекстан арқылы жүруімізге тура келген қарама-қайшы жағдай болды. Аталған екі пункт те жабық еді. Жол жаман, айналма жолмен 50-дің орнына 150 шақырым жүріп жүрдік. Қазіргі уақытта бұл дұрысталды және бәрі де жақсы болады», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының дерегінше, ағымдағы жылы Өзбекстан мен Қазақстанның тауар айналымы 25 пайызға артқан.
«Өте жақсы көрсеткіш, тауар алыс-берісі бар. Сондықтан мемлекетаралық қарым-қатынас пен өңірлік мәселелерді талқылайтын боламыз. Үш мемлекет Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан шекарада «түйісу нүктесіне» қол қоюы тиіс. Проблема жоқ. Бірақ, шешім үшін оған қол қою қажет», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға сапарына қатысты Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарының ашылуына баратындығын айтты.
«Президент (Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов) ойындардың ашылу салтанатына шақырды. Ол «ЭКСПО-2017» ашылуына келген болатын. Енді мен оған баруға тиіспін»,- деді ҚР Президенті.