ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдап, өзін нағыз саясаткер ретінде көрсете білді.
Бұл туралы БҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Әли Масалимов мәлім етті.
Оның пікірінше, Елбасы қиын да күрделі жағдайда демократияға адалдығын танытты. Әлем назары басшылары халқын демократиялық жолға түсірмеген бірқатар елдерге ауып отырған қазіргі мезгілде Қазақстан Президенті тұйықтан шыға білді. Батыс елдері тарапынан Қазақстан халқының басым көпшілігі Елбасы өкілеттігін ұзарту мақсатында референдум өткізуді ұйғарғаны үшін сынға ұшыраған еді. Елбасы осының бәрін салмақтай отырып, бірден-бір дұрыс шешімге келді. «Ол өзінің өкілеттік мерзімін екі жылға қысқартып, 2011 жылы сайлау өткізу қадамына барды. Бұл сайлауда да қазіргі Елбасымыз басым дауыс алатынына сенімдімін», деді Ә.Масалимов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).