Елбасы өзінің ісімен, идеяларымен, нақты нәтижелерімен Қазақстанның Ұлт Көсемі болды - Х. Әбжанов
«Елбасының өкілеттігі 2020 жылға дейін ұзартылатынына ешкімнің күмәні жоқ. Өйткені елімізде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен иық теңестіретін, осындай биік лауазымға лайықты басқа үміткерді көріп тұрған жоқпыз»,-дейді ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекеттік тарих институты басшысының орынбасары, профессор Хангелді Әбжанов.
«Елбасы өзінің ісімен, идеяларымен, нақты нәтижелерімен Қазақстанның Ұлт Көсемі болды. Алда да бастаған шаруаларын нәтижелі түрде аяғына дейін жеткізе алатынына бізде күмән жоқ»,-деп атап көрсетті ол.
Зиялылардың айтуынша, осы ойды барша қазақстандықтар қолдап отыр. «Егер халықтың өз қалауы, ынта-жігері болмаса, аз уақыт ішінде 5 млн. астам қол жинау мүмкін емес шаруа»,-дейді олар.
«Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген сөз бар. Мен қазір билік құрылымдарының, халық ниетінің, зиялы қауымның бірлігін көріп отырмын. Осы күштер ықпалдасып, екпінді блок құрды. Олар Конституцияға сүйене отырып, референдумның өтуіне, Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға қол жеткізеді деп есептеймін»,-деп түйіндеді сөзін Х.Әбжанов.