НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Билік партиясын қайта жандандыру нәтижесі бүкіл елде ауқымды праймериз жүргізу болады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл алғаш рет өтіп жатыр. Бұл - партияішілік сайлау. Бұл - шынайы әлеуметтік лифті, бәсекелестік іріктеуі, жаңа идеялар мен жобалар іздеу», - деді Елбасы.
ҚР Тұңғыш Президенті барлық партияластарын праймеризге қатысуға шақырды.
«Барлық партияластарды, «Nur Otan» жақтастарын еліміз үшін осынау маңызды саяси оқиғаға барынша белсенді қатысуға шақырамын«, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.