Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Еlbasy.

Кездесубарысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалықдаму нәтижелері талқыланды.

Нұрсұлтан НазарбаевАрыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіруүдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекшеназар аударды.

Сонымен бірге,кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерініңинвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттікжәне салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» жәнеиндустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейдеқадағалауды қамтамасыз ету үшін Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесежұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.