Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар аясында Корольдіктің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.